Сыртқы істер министрлігі
2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша, Сыртқы істер министрлігінің меншігінде 528 жеңіл автокөлік бар. Оның 12-сі Қазақстанда тіркелген. Қалғандары Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің меншігінде. Қазақстанда тіркелгендердің ең қымбаты – 2015 жылы шығарылған Audi A8. Ол 2015 жылы 32,8 млн теңгеге сатып алынған. Айта кетейік, 2012-2016 жылдар аралығында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов болды. [caption id="attachment_160944" align="aligncenter" > Audi A8. Фото: Drom.ru[/caption] 2017 жылы барлығы 110 миллионнан астам теңгеге 6 автокөлік сатып алынған. Айта кетейік, 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың аяғына дейін Қайрат Әбдірахманов Сырты істер министрі болды. [tablesome table_id='160968'/]Қаржы министрлігі
2021 жылдың басындағы дерек бойынша, Қаржы министрлігі 10 қызметтік, 12 кезекші (бесеуі микро-, автобус) көлікті жалға алған. Оның бәрі дерлік мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі. Мұнда ең көп шығын кететін автокөлік маркасы – Mercedes-Benz S500 L. Жылына 17,7 млн теңге. Кейінгі орында – Mercedes-Benz E200 4М, оған да 17 млн шамасында қаржы жұмсалады. Кестеге көп шығын кететін 8 автокөлік жазылды. [tablesome table_id='160973'/]Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
2020 жылдың 31 желтоқсанындағы дерек бойынша, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 9 қызметтік, 34 кезекші көлікті жалға алған. Мұнда да ең қымбаты – Kia Quoris+ маркалы көлік. Оған жылына 10,2 млн теңге, айына 857 мың теңге жұмсалады. Көп шығын кететін бес көлік кестеге жазылды. [tablesome table_id='160974'/]Айта кетейік, ең көп автокөлік жалға алған министрліктердің ішінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екінші орында тұр.
Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым министрлігінде 6 қызметтік, 2 кезекші көлік бар. Ішіндегі ең қымбаты немесе шығыны көбі – Mercedes Benz S500L маркалы автокөлік. Оны ұстауға бір айда 950 795 теңге, ал жылына 11,4 млн теңге жұмсалады. [caption id="attachment_160900" align="aligncenter" > MercedesBenz S500. Фото: Еc-rac.com[/caption] Екінші шығыны көп автокөлік – Mercedes Benz E300. Оған айына – 729 360 теңге, жылына 8,7 млн теңге жұмсалады. Ал Kia Cadenza маркалы автокөлігіне мемлекет қазынасынан айына – 704 998 теңге, жылына 8,4 млн теңге төленеді. [tablesome table_id='160976'/]Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылдың басындағы дерек бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің меншігінде 1 жеңіл көлік бар. Ол 2007 жылы шығарылған – Toyota Avensis VIN. Бастапқы құны – 3,3 млн теңге. [caption id="attachment_160914" align="aligncenter" > Toyota Avensis. Фото: Drom.ru[/caption]Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
2021 жылдың басындағы дерек бойынша, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің меншігінде бір ғана автокөлік бар. Ол 2017 жылы шығарылған KIA Cerato маркалы автокөлік. Оның бастапқы бағасы – 5,4 млн теңге. [caption id="attachment_160924" align="aligncenter" > Фото: Zr.ru[/caption]Энергетика министрлігі
Gr5.gosreestr.kz мәліметінше, Энергетика министрлігінің меншігінде көлік жоқ. Бірақ 2021 жылдың басындағы дерек бойынша, 12 жеңіл автокөлік жалға алған. Барлығы мемлекеттік заңды тұлғаға тиесілі. Ең көп шығын Kia Quaris+ маркалы көлікке жұмсалады, жылына – 10,3 млн теңге, бір айға – 864 240 теңге. Үздік бестіктегі көліктерді кестеден көре аласыз. Онда да Kia мен Mercedes-Benz маркалы көліктер көш бастап тұр. [caption id="attachment_160925" align="aligncenter" > Kia Quaris. Фото: Аutospot.ru[/caption] [tablesome table_id='160977'/]Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2020 жылдың 31 желтоқсанындағы дерек бойынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің меншігінде 2 автокөлік тіркелген. Олар 2007 жылы шығарылған Toyota Camry R4 және Toyota Coaster (автобус) маркалы көліктер. Бастапқы бағалары 4,6 млн және 7,8 млн теңгеге бағаланған. [caption id="attachment_160929" align="aligncenter" > Toyota Camry R4. Фото: Drom.ru[/caption]Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігінің меншігінде 5 автокөлік бар. Ең қымбаты 2018 жылы шығарылған – KIA Sorento маркалы көлік. Бастапқы бағасы - 15 млн. теңге. Министрлік 2019 жылы 9,4 - 12,3 млн теңгеге 4 автокөлік сатып алған. 2020 жылы тағы бір көлік сатып алған. Айта кетейік, 2019 жылы ақпанда Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. [caption id="attachment_160937" align="aligncenter" > Фото: Кiaportal.ru[/caption] [tablesome table_id='160980'/]Әділет министрлігі
Әділет министрлігінің меншігінде 9 автокөлік бар. Оның ішіндегі ең қымбаты – 2014 жылы шығарылған Lexus LX 570 маркалы автокөлік. Бастапқы бағасы – 18,9 млн теңге. Ол 2017 жылы сатып алынған. Айта кетейік қазіргі Әділет министрі Марат Бекетаев 2016 жылы тағайындалды. [caption id="attachment_160940" align="aligncenter" > Lexus LX 570, 2014. Фото: Аvtonam.ru[/caption] [tablesome table_id='160981'/]Мәдениет және спорт министрлігі
2019 жылғы дерек бойынша, Мәдениет және спорт министрлігінің меншігінде 2 автокөлік болған. Ең қымбаты – 2007 жылы шығарылған Mercedes-Benz E280. Ол 2016 жылы 11,1 млн теңгеге сатып алынған. [caption id="attachment_160943" align="aligncenter" > Mercedes-Benz E280 . Фото: Мarket.kz[/caption] [tablesome table_id='160982'/] Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Сауда және интеграция министрліктерінің меншігінде ешқандай автокөлік тіркелмеген, жалға да алмаған. Ал Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылдан бері еш автокөлікті көрсетпеген. Бұл министрліктің шенеуніктері автокөлікпен жүрмеуі мүмкін емес. Тек олар мемлекет қаржысына алынған автокөліктердің есебін жарияламаған. Айта кетейік, Aikyn.kz тек Gr5.gosreestr.kz-те көрсетілген деректер бойынша жазып шықты.