«Жүргізуші “ұйықтап кеткендеймін” деп түсініктеме берді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.Тағы бір қайғылы оқиға 10 қыркүйек күні сағат 01:10-да Шідерті кентінің жанындағы “Павлодар-Нұр-Сұлтан” автожолында болды. Toyota Camry жүргізушісі шаршаңқы күйде жүріп, рөлде ұйықтап қалып, тіркемелі Камазбен соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Camry автокөлігінің бір жолаушысы көз жұмды, тағы бір жолаушы бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Биыл Павлодар облысының жолдарында 356 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 31 адам қайтыс болды.
Павлодар облысында 2 жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

128
оқылды
оқылды