Атырау облысында нағашысының мәйітін жарты жыл жасырған мұғалімге қатысты шешім шықты
Атырау облысында нағашысының мәйітін жарты жыл жасырған мұғалімге қатысты шешім шықты
фото: azh.kz
412
оқылды
7 қыркүйекте Махамбет ауданы Таңдай ауылының тұрғындары наразылық танытып, биология пәні мұғалімінің жұмысқа шығуына қарсылық білдірді. Бұл мәселеге Облыстық білім беру басқармасы да назар аударды, - деп хабарлайды azh.kz. Еске сала кетсек, таңдайлықтар жарты жыл бойы нағашысының мүрдесін қорада сақтаған мұғалімнің жергілікті мектепке қайта жұмысқа шығуына бей-жай қарай алмады.
«Ата-аналардың өтініші ескерілді. Бұл жағдай мектептің педагогикалық кеңесінде жан-жақты талқыланып, Еңбек  кодексінің талаптарына сәйкес ол мұғалім жұмысынан босатылды», - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының бастығы Сатқан Есенғалиев.
Алақандай ауылды дүр сілкіндіріп, үрей туғызған бұл жайт өткен жылы болған. 82 жастағы нағашысының мүрдесі қаңтарда табылды. Нағашысы өлгеннен кейін оны жерлеудің орнына мүрдесін ұзақ уақыт ауладағы қорада сақтап, туысқандарға Қызылордаға, не басқа жаққа кетіп қалды деген екен. Тергеу басталған кезде ол уақытша жұмысынан шеттетілді, бірақ кейін полиция оның әрекетінен қылмыстық құрам анықтаған жоқ. Жазда ол ауылдан кетеді дегенді естіген халық бейқам отырды. Енді жаңа оқу жылы басталғанда ол мектепке жұмысқа қайта шығыпты. Осы жағдай ауыл тұрғындарының наразылығын тудырып отыр.