Атырауда сөз байласып, қылмыс жасаған 6 адам ұсталды
Атырауда сөз байласып, қылмыс жасаған 6 адам ұсталды
© azh.kz
179
оқылды
Атырауда төлем жүйесіне заңсыз кіру арқылы ЖШС-лердің бірінен 11 миллион 170 мың теңгені жымқырған 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, — деп хабарлайды azh.kz.
«Күдіктілер бұрын осы ЖШС-де жұмыс істегені анықталды, олардың біреуі ұсталғанға дейін сол жерде жұмыс істеп, сыбайластарына төлем жүйесіне кіру үшін құпия сөздер ұсынып отырған. Тінту кезінде оның үйінен 6 төлем терминалы мен қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді», - деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-тармағының 1- және 3-тармақшалары («Аса ірі мөлшерде қылмыстық топ жасаған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеуде жүргендер уақытша ұстау изоляторына қамалды.