Холифилдтің нокаутынан кейін боксшыларға зейнетақы төлеу ұсынылды
Холифилдтің нокаутынан кейін боксшыларға зейнетақы төлеу ұсынылды
Фото: then24.com
147
оқылды
Танымал америкалық бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эвандер Холифилдтің UFC-дің бұрынғы спортшысы Витор Белфорттан жеңіліп қалуына байланысты пікір білдірді, – деп хабарлайды fightnews.info порталы. Атлас кәсіпқой бокста егде жастағы боксшыларға жұдырықтасуға тыйым салу туралы ереже шығару керектігін айтты. Сондай-ақ ол әрбір бокс кешінен түскен ақшаның екі пайызын зейнетке шыққан боксшыларға аудару туралы ұсынысын да айтты.
"Спорттың басқа түрлерінде зейнетақы бар. Мен басқа да даңқты боксшылар Холифилд пен Белфорт секілді ақша үшін жұдырықтасқанын қаламаймын.  Миллиондаған табыс түсіретін әрбір бокс кешінен екі пайыз алып, осындай даңқты боксшыларға аударып отыру қажет. Екі пайыз қызғаншақ промоутерлердің қалтасына ауыр тимейді", – деді Атлас. 
Холидилд пен Белфорт арасындағы айқас Голливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өтті. Бұл кездесуде Холифилд бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.