Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, көмір бағасы нарықтағы сұранысқа тәуелді.
«Көмір бағасын нарық қалыптастырады. Мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Баға көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты болады. Жылыту маусымында шамамен 9,2 млн тонна көмір қажет. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір керек», – деді Атамқұлов.
Бұған дейін көмір алуға барып, кезекте тұрған чемпионды ұрып өлтіргені туралы жазған болатынбыз.