Жылқы саны көбейді – Ербол Қарашөкеев
Жылқы саны көбейді – Ербол Қарашөкеев
Фото: dairynews.ru
301
оқылды

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал саны көбейгенін айтты.

«Мал шаруашылығында мал мен құс саны өсті. Ірі қара саны 4,8 процентке артып, 8,8 млн басқа жетсе, қой мен ешкі – 2,6 процентке, жылқы – 9,6 процентке, құс – 4,4 процентке көбейді. Ет өндіру көлемі – 6 процентке, сүт өндіру көлемі 3,3 процентке өсті», – деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Қазақстанда тамақ өндіру көлемі де артқан. Бірақ Үкімет отырысында Сауда министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасы 9,7%-ке қымбаттағанын айтты.