Жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба
Жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба
196
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақша­сында жазды. Онда:

«Президенттік жастар кадр резерві – егемен елі­міздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жас­тарға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Аталған жоба аясында 2019 жылы 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазым бойынша қызметке орналасты. Мемлекет басшысы алғашқы тәжірибенің тиімді жақ­тарын ескере отырып, жас кадрлар резервіне қа­тысты бастаманы жалғастыру туралы шешім қа­былдағаны белгілі. Осы орайда жобаға қатысуға құжат қабылдау жүріп жатқанын айта кету керек. Жобаға 35 жастан ас­па­ған, жоғары білімді және 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген әрбір жас азамат қатыса алады. Іріктеу қорытындысы бойынша биыл 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне алынады. Барлық қажетті ақпаратпен pkrezerv.kz сайтынан танысуға болады. Ел ертеңі үшін қызмет етем деген жастарды осы жобаға қатысуға шақырамыз!» делінген.