Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
«Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы вакцина салдырды. Бүгін тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды. Министр Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханасына барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды» делінген хабарламада.
Егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді. Вакцина мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі), жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар), созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар, 60 жастан асқан қарттарға тегін.