Министр Цой коронавирустан емдеудегі қателіктерді айтқан дәрігердің видеоүндеуіне жауап берді
Министр Цой коронавирустан емдеудегі қателіктерді айтқан дәрігердің видеоүндеуіне жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
390
оқылды
«Бұл видео әлеуметтік желіде таратылып жатыр. Жекеменшік клиниканың докторы, терапевт, реабилитолог, ол емдеу мен асқынулардың болжамына түсініктеме беріп, біздің азаматтарды емдеуден бас тартуға шақырады... Қазақстанның әр өңірінен келген дәрігерлер өз пікірін білдіріп жатыр», – деді Денсаулық сақтау министрі.
«Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды», – деп түсіндірді министр.
Бірақ министр Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігер, реабилитолог Айна Бакеевамен кездесіп, проблеманы бірге талқыламақ ниеті бар екенін айтты, - деп жазады Tengrinews.kz. Айта кетейік, бұған дейін реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, коронавирусқа шалдыққандарды емдеу әдісін қайта қарау ұсынысын айтқан болатын.