Мемлекетке 760 миллион теңгеден астам шығын келтірген компаниялардың қызметкері сотталды
Мемлекетке 760 миллион теңгеден астам шығын келтірген компаниялардың қызметкері сотталды
Фото: basnews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті сыйақы үшін жалған шот-фактураларды жазған екі деректі анықтады.

«Біріншісі, кәсіпкер Ә.Қосбармақов Жаңаөзенде «Өзен-Ақжол» ЖШС және «Қосбармақов Әділет Аманкелдіұлы» ЖК атты екі компания құрды. Жүк тасымалы және қызмет көрсету бойынша негізгі қызметтің орнына екі кәсіпорын атынан 3,1 миллиард теңгеден астам сомаға 7 компанияға жалған бухгалтерлік құжат жазып берген. Екіншісі, Ақтауда И.Агатаев пен М. Әбілев «Бөрі Ақтау» ЖШС-ын құрып, іс жүзінде жұмыс орындамай және қызметтер көрсетпей, 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға шот-фактуралар жазып берген. Ақшалай сыйақыға жалған құжат жасағаны үшін ҚР ҚК 216-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған» делінген ресми хабарламада. Осы компаниялардың заңға қайшы әрекетінен мемлекетке салық уақытылы төленбеген. 767 миллион теңгеден астам шығын келген. Кінәсі дәлелденген компания қызметкерлері сотталды.