Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
111
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады, сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті.