Қанша тонна астық жиналды?
Қанша тонна астық жиналды?
Фото: manager-magazin.de

Бүгінде республика бойынша 13,6 млн. гектар алқаптағы дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды.

Бұл - жалпы егіс алқабының 85,7 проценті. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерге жетті, жалпы 12,5 млн. тонна астық жиналды. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,3 млн. гектар (89%) алқапта егін орылып, 8,6 млн. тонна астық жиналған. Орташа өнім гектарына 8,4 центнер болды.

Бұған дейін нан бағасы қымбаттағанын жазған болатынбыз.