Есірткіні орманда жасырған екі ер адам ұсталды

Есірткіні орманда жасырған екі ер адам ұсталды

Полиция мәліметінше, күдіктілер есірткіні орманға жасырған. Есірткі сатқан 20 және 21 жастағы екі ер адам Орал тұрғыны екені белгілі болды.

БҚО Полиция департаментінің бастығы Махсудхан Әбілазимов: «Орман мен күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде бір келіден аса ұнтақ тәрізді препараттар мен 55 амфетамин таблеткалары, сондай-ақ, 500 грамға жуық шөп тектес препараттар тәркіленді. 4300 данадан аса синтетикалық есірткінің таралуына жол бермедік», – деді.

Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері аймақта есірткі бизнесіне қатысты 66 қылмыс анықталды.