Желіде Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Желіде Қостанайда мантудан кейін екі оқушы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
© stopfake.kz
205
оқылды
WhatsApp мессенджерінде Қостанай қаласының №7 мектебінде балалардан Манту сынамасы алынғаны туралы аудио хабарлама таратылуда. Төрт бала реанимацияға түсіп, екеуі қайтыс болған екен. Бұл жалған ақпарат, - деп жазады stopfake.kz Бұл ақпаратты Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы жоққа шығарды.
«Қостанай қаласының №7 мектебінде екпеден кейінгі балалардың өлімі мен ауыр жағдайы туралы ақпарат – жалған», – делінген ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында.
«Костанайские новости» аймақтық газетінің сайтында полиция жалған ақпарат таратқандарды іздеуге кіріскені айтылған. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда балаларға COVID-19-ға қарсы екпе салынып жатқан жоқ. Жасөспірімдер арасында егу науқанын қазан айында, Pfizer-BioNTech шығарған Comirnaty вакцинасы елге әкелінген соң бастау жоспарланған. 1 қыркүйекте БАҚ препараттың Қазақстанда уақытша тіркелгенін хабарлады. Бүгінде вакцина бес жастан 11 жасқа дейінгі және алты айдан бес жасқа дейінгі балаларда клиникалық сынақтардан өткізілуде. Нәтижелері алдағы айларда жарияланады.