10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: zhalagash-zharshysy.kz
132
оқылды
Қазгидромет 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғатын жел, күші түнде орталығында және облыстың батысында, күндіз орталығында және облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м / с, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді. Түнде 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. 17 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.