«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков және кеңес мүшелерімен осы салаға жауапты басқарма өкілдері қатысты. Жиынның күн тәртібінде бизнес объектілеріне инженерлік желілерді жүргізу, қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша маңызы басым жобаларды қаржыландыру және бизнесті дамытудың басым шарты ретінде отандық материалдар мен жабдықтарды барынша пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында нақты көрсетілген. – Қоғамдық кеңестің әр отырыстарында біз партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының уақытылы орындалуын сөз етеміз. Себебі Жол картасының кейбір тармақтарының орындалуы бойынша қосымша сұрақтар туындауда. Кеңес мүшелері мен жауапты басқармалар осы мәселер бойынша жұмыс атқаруы тиіс. Біздің сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға берген уәделеріміз біріншіден сапалы, екіншіден уақытылы орындалуы керек, – деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков. – Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 2010-2020 жылдар кезеңінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жалпы сомасы 13,9 млрд теңгеге 57 жоба іске асырылды. Осы жылы жалпы құны 10 291,88 млн теңге болатын 16 жобаны іске асыруға 4 779,68 млн теңге бөлінді, – деді ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Н.Рамазанов. Отырыс соңында кеңес мүшелері тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты жандандыруға арналған ұсыныстар айтылды.Әбілмансұр ЖАСАН