Санда бар, санатта жоқ жастарға жол көрсетті
Санда бар, санатта жоқ жастарға жол көрсетті
252
оқылды

Іс-шараның спикерлері ретінде QazAlliance шетелдегі қазақстандықтар бірлестігі президенті Әлішер Тұрсын, Радио ORDA FM жүргізушісі Майра Төлепберген, BTS Educatiuon консультаты Бауыржан Абуов және EVEREST волейбол клубының жетекшісі Әділет Доқтырбек қатысты.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігі, PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасуы жастарды кәсіпкерлікке баулу, кәсіпкердің қажетті дағдылары және тағы басқа жайында сөз болды.    width=

Жоба сарапшысы А.Буркіталин: «Жоба NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру мен дамыту жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында біздің спикерлер мансап пен жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұл кеңестер жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандырады деп ойлаймын. Спикерлер жастарға өз өмірінде табысты адам болу үшін өзіне және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектеседі», – дейді.

Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеялармен бөлісу мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында ашық аспан астында өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорымен Jas Otan Жастар қанатымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр.