Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде QazVac-тың тиімділігі дәлелденгенін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде QazVac-тың тиімділігі дәлелденгенін айтты
Фото: inbusiness.kz

Президент жиында коронавируспен күрес күн тәртібіндегі өзекті тақырып екеніне тоқталды.

«QazVac вакцинамыз сын тезінен лайықты өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді. Біз препаратты гуманитарлық көмек ретінде көршілес елдерге жеткізе бастадық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент ШЫҰ елдерінде вакцинация паспорттарын өзара тану рәсімін жылдамдату өзекті екенін атап өтті.

Бұған дейін QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға жіберілгенін жазған болатынбыз.