Елеусінов пен Дычконың келесі жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды
Елеусінов пен Дычконың келесі жекпе-жектерінің уақыты белгілі болды
Фото: sport.inform.kz
138
оқылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычко (10-0, 10 КО) алдағы қазан-қараша айларында кезекті кездесулерін өткізуі мүмкін. Жекпе-жектер туралы олимпиада жүлдегерлерінің менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне толығырақ айтып берді. Аса ауыр салмақта өнер көрететін Дычко шаршы алаңға қазанның басында, ал Елеусінов одан шамалы кешірек оралуы мүмкін.
"Біз Triller boxing компаниясымен келістік. Олар кардтағы бір орынды Даниярға беруге дайын. Біз қазір осыны нақтылап жатырмыз. Данияр да, Иван да рингке шығады", - деп сөзін қорытындылады Алиев.