259 әлеуметтік нысан бейімдеуден өтіп жатыр
259 әлеуметтік нысан бейімдеуден өтіп жатыр
194
оқылды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев жүргізді. Күн тәртібінде партияның Жол картасында көрсетілген міндеттердің орындалу барысы талқыланды.

Алдымен өңірдегі әлеуметтік ны­сан­дарды мүмкіндігі шектеулі жандардың кі­ріп-шығуына бейімдеу мәселесі сөз бол­ды. Бұл жөнінде Түркістан облыстық Жұ­мыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеу­мет­тік бағдарламалар басқармасы бас­шы­сы­ның орынбасары Нұржан Нұрашов баян­­­­дама жасады. Оның айтуынша, Түр­кіс­тан облы­сын­да 96,8 мың мүгедектігі бар аза­мат тұра­ды. Олардың арасындағы қоларбаға таңыл­ған және көзі көрмейтін 39 мың тұр­ғын­ның әлеуметтік нысандарға еркін кіруі­не жағдай жасалуы тиіс. «Түркістан облысында 2012-2020 жыл­дары аралығында 3 428 әлеуметтік инф­ра­құрылымдық нысан паспорттаудан өт­кі­зі­ліп, олардың 84,3%-ына немесе 2 891 (оның 1 847 мемлекеттік, 1 044 жеке ны­сан­ға) бейімдеу жұмыстарын жүргізу қа­жет­тілігі анықталған болатын. Өкінішке қа­рай, объектілерде қолжетімділік шара­лары көпшілігінде пандустармен ғана шек­телген. Бейімделудің төмен деңгейінің не­гізгі себептерінің бірі – бюджет қара­жа­ты­ның жеткіліксіздігі», – деген Н.Нұра­шов Жетісай, Сайрам, Түлкібас аудан­дарын­да бөлінген қаржы тек пандусты рет­теуге ғана жететінін айтты. Сонымен бір­ге ол «Қолжетімді орта порталы» рес­пуб­­ликалық картасына өңірдегі 3 428 ны­санның 216-сі әлі енгізілмегенін, атап айт­сақ Түркістан (13) қаласы мен Орда­ба­сы (128), Түлкібас (21), Қазығұрт (15), Мақ­таарал (11), Сайрамға (21), Сарыағаш (7) аудандарында бұл істе кемшілік бар еке­нін жеткізді. «Nur Otan» партиясы Түркістан об­лыс­тық филиалы жанындағы Жұмыспен қам­туды және халықтың әлеуметтік осал топ­тарын қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы Гүлбахира Тәжібаева бұл жұмысты жандандыру үшін қоғамдық кеңес мүшелері аудан, қалаларға тексеру жә­не түсіндіру жұмыстарымен іссапарға шы­ғатынын атап өтті. Ал кеңес мүшесі Ба­қытжан Әшірбаев аудан басшылары мен жауапты бөлім жетекшілеріне нақты мер­зім мен қатаң талап қойып, нысандарды бейімдеу ісін жеделдету жөнінде ұсынысын ортаға салды. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жо­лы: Әр азаматқа лайықты өмір» сай­лауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 2021-2025 жылдары өңірдегі 1 294 ны­санға бейімдеу жұмыстарын жүргізу жос­парланған. Ал 2021 жылы 259 нысан бейім­делуі тиіс. Нысандар тек пандус­тар­мен шектелмей, халықаралық талапқа сай әрі тірек-қимыл аппараты, көру, есту қа­біле­ті бұзылған және қоларбамен жүріп-тұра­тын азаматтар үшін бейімделген лиф­тілермен, санитарлық тораптармен, за­ғип­тар үшін бағыттаушы белгілермен қам­­та­масыз етілуі қажет. Бұл жұмыстар пар­тияның бақылауында болады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Еңбек» бағдарламасының орындалуы да кеңінен талқыланды. Түркістан облыстық Жұ­мыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың ай­туын­­ша, биыл жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы арқылы солтүстік өңірлерге 412 отбасы құрамында 1 792 адам қоныс ау­дарған. «Бүгінге дейін қоныс аударғандардың ба­сым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқа қабі­летті отбасы мүшелері жұмыспен қамтыл­ған. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылдануға жер те­­­лімдері ұсынылған», – дейді ол. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орын­басары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжі­баев нысандарды бейімдеуден өткізу маңыз­ды екенін, Жол картасын уақытылы орын­дауға фракция мен кеңес мүшелері тара­пынан қолдау болатынын айтты. Пар­тияның «Кедергісіз келешек» жобасы та­лап­қа сай орындалғаны жөн. Сондай-ақ ол көші-қон мәселесінде түсіндіру, ақ­парат­тық жұмыстар әлі де өз деңгейінде емес екеніне тоқталды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек» бағдарламасына ерекше мән беріп, мемлекеттік қолдауды күшей­ту­ді тапсырды. «Nur Otan» партиясы Түр­кі­стан облыстық филиалы мен облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқармасы бірлесіп түсіндіру жұмыстарын атқарып жатыр. 13-17 қыркүйек аралығында Павлодар об­лысынан келген делегация Түркістан өңі­рінің барлық аудан, қаласын аралап шық­ты. Партия филиалдары мен жұмыс­пен қамту орталықтары «Ашық есік күн­дерін» өткізуде. Дегенмен бұл жұмысты әлі де жүйелеп, көшем деуші азаматтарға қол­дауды күшейткен жөн. Барлық аудан, қала әкімдіктері бұл мәселеге мән беріп, жауапкершілікпен қараса ғана іс алға ба­сады», – деді Б.Дәулетұлы.

Әбілмансұр ЖАСАН