«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында онлайн режимде «Өңірлерді дамыту» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібінде – өңірдегі моно және шағын қалалардың дамуы мен аббаттандырылуы мәселесі, сондай-ақ 2021 жылдың 8 айында «Жол картасының» аудан, қалалардағы орындалу көрсеткіші қаралды. Кеңес төрағасының орынбасары Виктор Тен, Алматы облыстық филиал төрағасының орынбасары Аслан Көбентаев пен кеңес мүшелері Алакөл, Еңбекшіқазақ, Сарқан, Қаратал, Қарасай, Панфилов, Талғар, Қапшағай, Текелі аудан, қалаларының кеңес төрағалары мен аумақтық партия филиал төрағаларының бірінші орынбасарларының есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық, облыстық, аудандық және қалалық Жол карталарында 2 198 іс-шара мен индикаторға қол жеткізу көзделген.Әбілмансұр ЖАСАН