Спорттағы суицид: медальдің жүгі ауыр ма?
Спорттағы суицид: медальдің жүгі ауыр ма?
Фотоколлаж © Aikyn.kz

Өз-өзіне қол жұмсаған қазақстандық спортшылар

Қыркүйектің 17-сі күні қазақстандық зілтемірші Альберт Линдердің өз-өзіне қол жұмсағаны мәлім болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы небәрі 25 жаста еді. Дарынды спортшының өмірімен қош айтысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ауыр атлет Альберт Азия чемпионы, универсиада рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды. [caption id="attachment_161833" align="alignnone" width="800"] width= Альберт Линдер[/caption] Осы қайғылы жағдайдан кейін редакция тілшісі бұған дейін қазақстандық атлеттерге қатысты тағы қандай суицид оқиғасы болған деген сауалға жауап іздейді. Өкінішке қарай, бұған дейін де қазақстандық спортшылар өмірден мезгілсіз озғанын анықтайды.  [caption id="attachment_161834" align="alignnone" width="1280"] width= Пётр Девяткин[/caption] 2016 жылы 10 қыркүйекте аты аңызға айналған хоккейші Петр Девяткин Ресейдің Новосібір қаласында өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болады. Кәсіби өмір жолын танымал спортшы өскемендік хоккей клубынан бастаған еді. Қазақстан құрамында ойнаған ол Нагано Олимпиадасында 1/4 финалға дейін жеткен болатын. 39 жасында өмірімен қош айтысқан атлет мәскеулік "Динамо" мен "Спартакта", уфалық "Салават Юлаевта", Төменгі Камалық "Нефтехимик", хабаровтық "Амурда” және тағы да басқа клубтарда өнер көрсеткен болатын. Петр Девяткин қарыз-құрыздарын өтей алмай, дарға асылып, қайтыс болады. [caption id="attachment_161835" align="alignnone" width="1200"] width= Данияр Өтешев[/caption] Ал 2013 жылы сәуір айында Алматы қаласы зілтеміршілері құрамында жаттықтырушы болған Данияр Өтешов Ташкенттегі қонақ үй нөмірінде өмірімен қош айтысады. Спортшылар 22 сәуір күні Өзбекстанға жетіп, екі апталық оқу-жаттығуды бастайды. Атлеттердің айтуынша, делегация құрамындағы тренер Данияр Өтешев жексенбі күні өзін жайсыз сезініп, қонақ үйдегі өзінің бөлмесіне аттанады. Жаттықтырушы сол кеткеннен мол кетеді. Спортшылар сейсенбі күні Өтешевтің бөлмесіне есігін сындырып кіреді де, тренердің мәйітіне тап болады. Сот медициналық сараптама кейін Данияр Өтешевтің өз-өзіне қол жұмсағанын растайды.   

2021 жылы суицид жасаған шетелдік атлеттер

Кейінгі он жылдың өзінде әлемдік аренада өнер көрсеткен 30 шақты спортшы түрлі проблемаларға төтеп бере алмай, суицид жасаған екен. Барлығына бірдей тоқталмасақ та, 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсаған шетелдік атлеттер туралы мәліметтерді жинауды жөн көрдік.   [caption id="attachment_161836" align="alignnone" width="1200"] width= Оливия Подмор[/caption]   Тамыздың 9-ы күні жаңазеландиялық велосипедші Оливия Подмор қайтыс болды. Токиодағы біріншілікке дайындалып жүрген спортшы Жапонияға бармай қалады. Бәлкім, содан сары уайымға салынып, өз-өзіне қол жұмсаған болар деген болжам айтылып, тіпті БАҚ-та "үрейлі жазбалар" туралы мәліметтер тараған болатын. Мезгілсіз дүниеден озған Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қатысушысы небәрі 24 жаста еді.  [caption id="attachment_161837" align="alignnone" width="1280"] width= Трэвис Фултон[/caption] 10 шілдеде ММА рекордсмені Трэвис Фултон АҚШ-тағы түрмеде өз-өзіне қол жұмсады. Балалар парнографиясы мен кәмелет жасқа толмағандарды азғындады деген айып тағылған америкалық спортшы 70 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Жалғыз адамға арналған камерада өмірімен қош айтысқан Трэвис Фултон 44 жаста болатын.  [caption id="attachment_161838" align="aligncenter" width="640"] width= Максим Ишкельдин[/caption] 5 маусымда допты хоккей бойынша алты дүркін әлем чемпионы Максим Ишкельдин дарға асылып қайтыс болды. 30 жастағы новосібірлік спортшының денесі Кудряшёвский посёлкесіндегі саяжай телімінде орналасқан гараждан табылған. Максим Ишкельдин өлерінің алдында ешқандай хат та қалдырмапты. Спортшының мойнында ешқандай қарыз-құрыз болмаған. Туған-туыс, жора-жолдастары суицидалды мінез-құлқы не ойынан бейхабар болғанын айтыпты.  [caption id="attachment_161839" align="alignnone" width="1200"] width= Сеид Визин[/caption] 4 мамыр күні "Милан" футболшыларының қатарында өнер көрсеткен аяқдоп шебері Сеид Визин 20-ға толған шағында өз-өзіне қол жұмсады. Итальяндық отбасы асырап алған Эфиопия елінің тумасы нәсілшілдіктен зиян шеккен көрінеді. Бұл туралы спортсмен 2019 жылы достары мен психотерапевт дәрігеріне хат жазып, мұңын шаққан да екен.  [caption id="attachment_161840" align="alignnone" width="1200"] width= Роман Гейзель[/caption] 28 сәуірде доппен хоккей бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Роман Гейзель суицид жасап, қаза табады. Өз-өзіне оқ атқан 41 жастағы спортсмен күндіз ауруханаға жеткізіледі. Алайда ол көп ұзамай, реанимацияда жан тапсырады. Кемерлік "Кузбасс" пен новосібірлік "Сибсельмашта" өнер көрсеткен ол осылайша мезгілсіз өмірден озды.