ШҚО-да жол апатынан 3 адам зардап шекті
ШҚО-да жол апатынан 3 адам зардап шекті
Фото: inform.kz
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көлік аударылып, 3 адам зардап шекті, деп жазады inform.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйек күні «Күршім - Үлкен Нарын» тасжолында болған. Зардап шеккен азаматтардың бірі көлікте қыстырылып қалып, оны шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды.
– Kia Cerato маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан ер адам рөлді басқара алмай қалып, көлік аударылып кеткен. Жол апатынан 3 адам дене жарақатын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Зардап шеккен азаматтардың бірі көлікте қыстырылып қалып, сыртқа шыға алмаған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
№30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен автокөліктің шатырын ашып,оны абайлап шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Қазіргі уақытта 3 азамат та ауруханаға жатқызылған.