Лионель Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы белгілі болды
Лионель Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы белгілі болды
Фото: smi.kg
Франциялық L'Equipe басылымы "Пари Сен-Жермендегі" аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің қанша жалақы алатынын жариялады. Дереккөздің айтуынша, келісім бойынша Месси бірінші жылы 30 миллион еуроны қалтасына басады, ал егер аргентиналық футболшы ПСЖ-да қалса, түрлі бонустардың арқасында алдағы екі жылда Мессидің жалақысы 10 миллион еуроға өседі. Осы маусымда Месси барлық турнирлерде париждік клуб үшін екі матч өткізді, бірақ нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.