Жас ұстаздар мен имамдарға 3 пәтердің кілті табысталды
Жас ұстаздар мен имамдарға 3 пәтердің кілті табысталды
Сурет: muftyat.kz
147
оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында үш отбасыға үш үйдің кілтін табыстады, – деп хабарлайды muftyat.kz.

Бұл жолы баспана дін саласында белсенді қызмет етіп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген жас дін қызметкерлеріне бұйырды.
"Діни басқарма жас ұстаздар мен имамдарға өз мүмкіндігі аясында барынша қолдау көрсетіп келеді. Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа үйіңізге жақсылығын жаудырсын. Сіздерді діни салада белсенді қызмет етуге шақырамын", – деді салтанатты игі іс-шарада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында берілген баспаналарды жас ұстаздар мен имамдар алды.