Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қыркүйек күні Бәйтерек ауданы аумағында болды.
Апат салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді. Кейін Lada Priora көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.Сағат 09.00-де Орал-Кирсанов жолы бойында, Трекин ауылы тұсында 1991 жылғы ер адам жүргізіп келе жатқан Opel мен Lada Priora автокөлігі (1994 жылғы жүргізуші) қақтығысқан.
Көлік апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.