Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен тұрғын үйде тінту жүргізді.
56 жастағы ер адамның үйі мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді.
Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондар мен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ, қарудың әртүрлі компоненттері бар. Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.