«Күдікті арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен қару қолданылмай ұсталды, өйткені үйде әйелдер мен балалар болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерді полиция қоршауға алды. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Алматыдағы атыс: Полиция оқиғаның мән-жайын айтып берді

217
оқылды
оқылды