Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді
Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді
© ААФ
253
оқылды
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне байланысты ішкі тергеу жүргізетінін хабарлады.
"Кеше кешкісін ҚР ауыр атлетика құрамасының мүшелері, соның ішінде, қайтыс болған Альберт Линдердің інісі де әлеуметтік желіде құрама команданың бапкерлеріне қатысты шағым мен сын айтты. ҚР ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауына алып, әр айып бойынша анығына жетпек. Алдағы уақытта федерация әр атлетпен байланысқа шығып, тергеу өткізеді, оның қорытындысы кейін жария етіледі", – делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, жақын арада федерация әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады.