Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады. Оның спорттан қол үзуіне жарақаты себеп болған.
Ол 2000 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. 2019 жылы Әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. 2011 жылдан бері ұлттық құрамасы қатарында 51 жарысқа қатысты. Халықаралық сайыстарда барлығы 39 медальге ие болды. Оның 17-сі – алтын.«Жарақат салдарынан мамыр айының соңына дейін жаттығу жасауға жағдай болған жоқ. Қазіргі уақытта Қазақстанда жүрмін. Бұдан былай балаларды спортқа баулимын, өз тәжірибемді үйретіп, спортшылардың шеберлігін арттыруға көңіл бөлемін. Мәнерлеп сырғанауды дамыту жоспарымды іске асырудың сәті келді», – деді Элизабет Тұрсынбаева.
Спорт тарихында ересектер арасында халықаралық жарыстарда төрт айналып секіруді орындаған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде танымал.