Тұрсынбаева чемпиондар шоуына қатысады
Тұрсынбаева чемпиондар шоуына қатысады

Мәнерлеп сырғанаушы, Қа­­зақстан командасының мү­­шесі Элизабет Тұрсын­бае­ва мәнерлеп сырға­нау­­дан та­ны­мал жаттық­ты­­рушы Эте­ри Тутберид­зе­­нің шоуына қа­ты­­сады.

Ұлттық Олимпиада комите­ті­нің хабарлауынша, «Мұз ай­ды­­­­нында – чемпиондар» шо­уы 2020 жылдың 3 сәуірі кү­ні Пермь қаласында өтеді. Бұл шоу­­ға Тұрсынбаевадан бө­лек, Олим­­­пиада чемпионы Алина За­гитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щер­ба­­кова, Камила Валиева өнер көр­се­теді. Сонымен қатар ре­сейлік жұл­дыздар Евгения Тара­сова, Владимир Морозов, Вик­тория Синицына, Никита Ка­цалаповар да айдынға шыға­ды.

Қазір Элизабета Этери Тутбе­рид­зе тобында жаттығуда. Бірақ ол жарақатына байланысты Гран-при кезеңдерін өткізіп алған болатын. Бұл жайында Эли­забетаның ана­сы Падишахан Сұл­танәлиева Instag­ram парақ­ша­сында жария­лады. «Мәнерлеп сырға­нау әле­мінде қызымның басынан қан­ша қиындық өткергені өзіме және Аллаға ғана аян. Өкініштісі, мұз айды­нындағы бұл оның алғаш­қы не соңғы жарақаты емес. Оның қай жерде құлап, қай жер­де сүрінетінін білсем, сол жер­ді жұм­сар­тар едім. Өкінішке қарай, оны ешкім білмейді. Бәрі бір Алланың қолында. Күнім, бекем бол!» деген анасы оның жара­қа­тын жазудың дұрыс тәсілін тап­пай жатқанына екі жұма болға­нын хабарлаған.

Әкесінің айтуынша, Элиза­бе­та­­ ол жарақатты ақпан айын­да алып, интенсивті емдеу кур­сын алған. Соған қарамастан, Эли­забета ересектер арасындағы жарыста төрттік сальхті сәтті аяқ­таған алғашқы мәнерлеп сыр­ға­­наушы болды. Осы жетістігі оған Жапонияда өткен әлем чем­­­­пионатында күміс медаль же­ңіп алуға мүмкіндік берді. Бұл же­тіс­тік­теріне мәнерлеп сыр­­ғанаушы Тут­беридзенің ар­қа­сында жеткенін мо­йын­да­ған. Тіпті Элизабета бір сұх­ба­тында «Этери Георгиевна – өте талапшыл және қатал. Ол ұсақ-түйектің бәріне мән береді. Ол дегенің алға жылжып, өсуіне кө­­­мектеседі. Сондай-ақ қиын сәт­тер­де орынды кеңес бе­ріп, қолдай білетін жан» деген.

Шынымен де, осы жаттықты­ру­шыға ауысқалы Элизабетаның жетістігі еселене түсті. Ол биылғы жылдың үздік спортшыларының қатарына қосылып, «Алтын Сам­ғау» сыйлығын иеленді. Осы жолғы сайыс­та да оның жеңіс тұғы­ры­нан көрінуіне се­нім­діміз.

Олим­пиа­да чемпио­ны Али­на Загитова, жасөспірімдер ара­сын­дағы әлемнің екі дүркін чем­пионы Александра Трусова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Анна Щербакова, жас­­өс­­пірімдер арасындағы әлем чем­пионатының күміс жүлде­гері, жасөспірімдер арасындағы Гран-при фина­­лының жеңімпазы мен кү­міс жүл­дегері Алена Кос­тор­ная және төрт құрлық бі­­рін­­шілігінің күміс жүл­де­гері Елизавета Тұр­сын­­баева Тутбе­ридзе мекте­бі­­нен дәріс алады.