Жеке сот орындаушыларының палатасы Алматыдағы атыстың негізгі себебін айтты
Жеке сот орындаушыларының палатасы Алматыдағы атыстың негізгі себебін айтты
Фото: tengrinews.kz
194
оқылды

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қаза тапқан жеке сот орындаушының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы палатаның ресми сайты хабарлады.

Республикалық палатаның мәліметінше, Алматыда 20 қыркүйекте қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан жеке сот орындаушының артында отбасы және кәмелет жасына толмаған балалары қалды. Атыс бұрынғы үй иесін үйден шығаруға барған сәтте келіспеушіліктен басталған.

Мүлік меншігі құқығы тіркелген адам баспананы электронды сауда-саттықта сатып алған. Ол бұрынғы тұрғындарды көшіру, үйді босатуды талап етіп, сотқа жүгінген. 2020 жылы 10 маусымда сот аталмыш өтінішті қанағаттандырды. Борышкерге былтырдан бері бірнеше рет сот шешімін орындау керек екені ескертілген.

Палата тарапынан атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетілмек.

Бұған дейін Алматыдағы атыс туралы жазған болатынбыз.