Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарланған. Бұл жөнінде қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев хабарлады.
Данияр бұл жолы IBF Intercontinental белдігін қорғауы қажет. Бұған қоса, осы кеш аясында тағы бір жерлесіміз Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Үлкен шоу болуы мүмкін. «Оны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаймыз», – деді менеджер. Қазақстандық боксшы қазір еркін агент екенін айта кеткен жөн. Ол бірер ай бұрын Matchroom Boxing компаниясымен әріптестікті тоқтатты. Ал ең соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізді. Бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы аралық чемпиондық белдікті иемденген болатын.М.ЖАЛҒАСҰЛЫ