Даниярдың келесі кездесуі елордада өтеді
Даниярдың келесі кездесуі елордада өтеді
229
оқылды

Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кеші 18 желтоқсанға жоспар­ланған. Бұл жөнінде қазақ­стандық боксшының менеджері Зия Әлиев хабарлады.

Данияр бұл жолы IBF Intercontinental белдігін қорғауы қажет. Бұған қоса, осы кеш аясында тағы бір жерлесіміз Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Үл­кен шоу болуы мүмкін. «Оны Тәуелсіздіктің 30 жыл­дығына арнаймыз», – деді менеджер. Қазақстандық боксшы қазір еркін агент екенін айта кеткен жөн. Ол бірер ай бұрын Matchroom Boxing компаниясымен әріп­тестікті тоқтатты. Ал ең соңғы кездесуін былтыр қарашада өткізді. Бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңіп, орта салмақтағы аралық чемпиондық белдікті иемденген болатын.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ