ТМД елдері минаны бірлесіп тазалайтын болды
ТМД елдері минаны бірлесіп тазалайтын болды
Фото: twitter.com
183
оқылды

ТМД мемлекеттері қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісім былтыр 18 желтоқсанда жасалды.

«Келісімнің мақсаты – гуманитарлық минасыздандыру тапсырмаларын орындау үшін бірлескен бөлімшені құру, қолдану, оның қызметін аяқтау тәртібін және мәртебесін айқындау. Бірлескен бөлімшенің негізгі міндеттері – мина алаңдарына және жарылу қаупі бар заттардың болуына техникалық барлау жасау, оны тазалау», – деді Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев.

Минадан тазартылатын аймаққа ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы шешімді жіберуші тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды.