«Контузия алып, есін білмеуі мүмкін...» – жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевты соңғы рет шопан көрген
«Контузия алып, есін білмеуі мүмкін...» – жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевты соңғы рет шопан көрген
Фото: А. Ахметқазы

Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады. Телеарнаның мәліметінше, із-түзсіз жоғалған жауынгер, әскери сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздестіру  үшін жүзге жуық адам жұмылдырылған.

Жарылыс болған күні тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көрген. Алайда, ол қойшының шақырғанына үн қатпаған. Жауаптылардың сөзінше, ол контузия алып, есін білмеуі мүмкін. Сондықтан таулы аймақтар да жіті іздестіріліп жатыр.

28349 әскери бөлім командирінің орынбасары Руслан Жылқыбаев: «Біздің қарулас досымыз сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмысын тоқтатпаймыз. Осы күнге дейін ата-ана, бауырларына әр жасап жатқан қадамымыз туралы хабарлап отырмыз. Бауыржанды таппайынша, біз жұмысымызды доғармаймыз», – деді.