Полицияға Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, танысы сеніміне кіріп, оның жеке мәліметтерін білген. Алаяқ жеке мәліметтерді кредит рәсімдеу үшін қолданған.
Полицейлер 26 жастағы алаяқты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.«Алаяқ жеті банктен 3,5 миллион теңге және микроқаржы ұйымдарынан 731 мың теңгеге 18 несие рәсімдеп алған. Жалпы 4,2 миллион теңге залал келтірген. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полицейлер.