Келер жылы жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері қанша болатыны белгілі болды
Келер жылы жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері қанша болатыны белгілі болды
© Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
170
оқылды
“Ашық НҚА” порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды.
Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген. Талқылау үшін жарияланған заң жобасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
  • жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері –  19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
Заң жобасының талқылау мерзімі 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады.