Қазақстандық полицейлер 12 млн. тұратын кроссоверлерге міне бастады
Қазақстандық полицейлер 12 млн. тұратын кроссоверлерге міне бастады
azattyq-ruhy.kz
136
оқылды
Қазақстандық полицейлер құны 12 млн.-нан асатын кроссоверлерге міне бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген мәліметке жүгінер болсақ, Ақтөбе облысының Полиция департаменті 147 млн. 480 мың теңгеге 12 автокөлік сатып алып жатыр. Әрқайсысының құны – 12 млн. 290 мың теңге. Техникалық ерекшеліктеріне сүйенер болсақ, бұл полицейлер мініп жүрген Hyundai Tucson көлігінің үшінші буыны емес, жаңа - төртінші буыны. Комплектациясы ең қарапайымы таңдалыпты. Орындығы жылытылмайды, былғары түрі емес, қорабы – механика, төрт дөңгелегі бірдей қозғалады, қозғалтқыш көлемі – 2 л.