Жамбылда 146 оқушы коронавирус жұқтырды
Жамбылда 146 оқушы коронавирус жұқтырды
169
оқылды
 Аталған мәселе облыс әкімінің кезекті аппараттық жиынында күн тәртібіне көтеріліп, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев  науқастардың саны азайғанымен, олардың ішінде оқушылардың көбейіп  жатқандығына баса назар аударды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бүгінге дейін өңірде 19480 адам  коронавирусқа шалдыққан екен. Олардың 94,2 пайызы сауығып  шықса,  соңғы тәулікте 55 адам ауырған. Қазіргі таңда 1135 науқас ем қабылдауда. Басқарма басшысы, сондай-ақ, жағдай қайта күрделене түссе, Қордай мен  Меркі аудандарынан қосымша оттегі станциясын ашу қажеттігін алға тартты. Бердібек Машбекұлы өз кезегінде жағдай жақсарды, облыс «жасыл аймаққа» өтті деп арқаны кеңге салуға болмайтындығын айтып, мектептерде санитарлық талаптарды  сақтауды және  дезинфекция шараларын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы айдың соңына дейін індетке қарсы екпе алған тұрғындардың санын 90 пайызға жеткізу қажеттігін ескертті.  

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы