Пермьдегі атыстан жараланғандар саны 43 адамға жетті
Пермьдегі атыстан жараланғандар саны 43 адамға жетті
Фото: inform.kz
112
оқылды
Жаңартылған мәлімет бойынша, Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан зардап шеккендер саны 43-ке жетті. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.
"Бүгін зардап шеккендер саны 43 адамға жетті, кешегі күнмен салыстырғанда тағы бір адам қосылды. Оның ішінде 12 адам Пермь қаласындағы ауруханаларда жатыр. Тек біреуінің жағдайы ауыр. Стационардағы барлық жағдай қанағаттанарлық. Сондай-ақ, амбулаториялық емделушілердің барлығының жағдайы жақсы", – деді облыстық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі облыстық Үкімет отырысында.
Бұған дейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.