ШҚО тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян тәркіленді
ШҚО тұрғынынан заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян тәркіленді
124
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері «Алматы – Өскемен» тасжолында тоқтатылған көліктен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаянды тапты. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов «Алматы – Өскемен» тасжолының 25 шақырымында «Mitsubishi» автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 45 жастағы ер адам болды. «Тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 66 келіні құрайтын 5 қап шаян табылды. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген материалдық залал мөлшері – 230 мың теңгені құрайды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.