Алып кесіртке Жетісайдан табылғаны рас па?
Алып кесіртке Жетісайдан табылғаны рас па?
Фото: tengrinews.kz
475
оқылды
Қазақстандықтарды желіде тараған алып кесіртке суреті шошытты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Желі қолданушылары көзі жабық, тұмсығы қансыраған кесірткенің суретін таратуда. Сурет сипаттамасында кесіртке Түркістан облысы Жетісайдан табылғаны айтылады. Түркістан облысы әкімдігі аймақта өлі кесіртке табылмағанын айтқан.
"Жетісай әкімдігі бұл оқиғадан бейхабар. Олар бұл жағдай Жетісайда тіркелуі мүмкін емес екенін айтты. Бұл – қате ақпарат. Сонымен қатар, суреттегі аймақ Жетісайға ұқсамайды. Кейбіреулер суреттегі жағдай Мексикада болған деп болжайды. Бұрын интернетте осыған ұқсас өлген кесірткенің суреті жарияланды", – деді өңір әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.