Bus Lane: астанада тағы бір көшеде автобус жолағы енгізіледі
Bus Lane: астанада тағы бір көшеде автобус жолағы енгізіледі
Фото: astana-akshamy.kz
209
оқылды

Қала әкімдігінің ресми мәліметінше, бұл өзгеріс осы учаскеде үлкен сұранысқа ие 2 бағдардың (№45 және 56 маршруты) қозғалысына септігін тигізеді.

Осылайша, жалпы саны 25 автобустың жүрісі жылдамдайды. Күн сайын осы бағыттармен 16 мыңнан астам жолаушы жүреді. Қоғамдық көліктен бөлек, Bus Lane арқылы жедел жәрдем мен өрт сөндіретін көлік жүре алады.

Мұхамедханов көшесінде бөлінген жолақтың енгізілуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында Bus Lane жобасы ұзындығы 73,6 км болатын 26 жол учаскесінде жүзеге асады.

Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.