Шымкентте аттракционға мінген ер адам қайтыс болды
Шымкентте аттракционға мінген ер адам қайтыс болды
Фото: mail.kz
226
оқылды

50 жастағы ер адам «Балға» аттракционына мінген кезде кенеттен ауырып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем келгенімен, дәрігерлер ер адамды құтқара алмады. Өйткені инфаркт болған.

Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл «Қиял әлемінде» болған бірінші оқиға емес. Биыл мамыр айында 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған еді.