8 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды
8 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды
295
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен облыстық филиалдың Саяси кеңесі бюросы мен облыстық мәсли­хаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының сай­лауалды бағдарламаларын орындау жө­ніндегі Жол карталарын іске асыру барысы талқыланып, «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайық­ты өмір» сайлауалды бағдарламасы бойын­ша 2021 жылдың 8 айында ат­қа­рылған жұмыстар қорытын­ды­ланды. – Партияның сайлауалды бағ­дар­ламасын іске асыруға арналған Жол картасын орындау бойынша жұмыстарды атқаруда кей аудан мен қалада кемшін тұстар бар. Ұйым­дастыру жұмыстары қанағат­та­нарлық емес. Аумақтық филиал­дардың төрағалары сіздер олқы­лық­ты жойып, сайлауалды бағдар­ламаны жүзеге асыруға арналған Жол картасының әр тармағы бо­йынша көрсетілген іс-шараларды уақытылы орындап, айтылған кем­шіліктер бойынша нақты ша­ра­лар қабылдауларыңыз керек, – деді облыстық филиалдың төра­ғасы Даниал Ахметов. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағ­дарламаны іске асыруға ар­налған Жол картасы негізінде биыл 22 ин­дикаторға бөлінген 82 іс-шараны жүзеге асыру көз­делген. Сайлауалды бағдарламаны орындауға арналған Жол картасы негізгі жеті бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша іс-шаралар уа­қы­тылы жүзеге асырылады. Мысалы: «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша Семей және Риддер қалаларында мектептің құ­ры­лысы жүргізіліп жатыр. Степное кентінде – 300 орын және Восточный кентінде – 1 200 орын, Риддер қаласында – 620 орын. «Ме­нің мектебім» акциясы ая­сын­да 250 мектеп жаңа модифи­кация кабинеттерімен жабдықталды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 7 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Бұқаралық спортты қолдау бойынша Күршім және Үржар аудандарында 2 жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды. Партияның сайлауалды бағдар­ла­масындағы «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру», «Абай әлемі» жобалары шеңберінде көрнекті жерлестердің мұрасын насихаттау жүзеге асыры­лып келеді. Сонымен қатар өңірде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасады, оған 218,4 млн теңге жұмсалды. Жалпы, өңір бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орын­дауға арналған Жол картасындағы өзге бағыттар бойынша да нақты іс-шаралар дер кезінде іске асы­рылады.

Әбілмансұр ЖАСАН