Қарттар үйі өртеніп, бір адам зардап шекті
Қарттар үйі өртеніп, бір адам зардап шекті
Фото: kazfire.kz
210
оқылды

Өртті сөндіру үшін 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді, – деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, 23 қыркүйекте, сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27-үйде орналасқан Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Екінші корпустың 5-қабатында №14 палатада 2 метр матрац бықсып, түтіндеген. Өрт сөндірушілер 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды, – деді құтқарушылар.

Өрттен зардап шеккен 1937 жылы туған ер адам Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді. Өрттің шығуына төсекте темекі шеккені себеп болған.