«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Фото: astana.gov.kz
171
оқылды

Биыл байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды, – деп хабарлайды astana.gov.kz.

Марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ меценаттар мен еріктілер қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» сыйлығы республикадағы, оның ішінде елордадағы бизнес-қауымдастық өкілдерінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болды. Сыйлық еліміздегі қайырымдылық саласының дамуына бей-жай қарамайтын жандарды іздеу және көтермелеу мақсатында тағайындалған. Игі іспен айналысу,  адамдарға  жақсылық  жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі, қанымызға сіңген қасиет. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған  ата салтымыз», – деп атап өтті Асхат Оралов.

Айта кету керек, «Жомарт жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Лауреаттар бірнеше номинация бойынша марапатталды. «Жыл ұйымы» номинациясына «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры лайық деп танылды. Қор жұмыс істеген 12 жыл ішінде Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Қор жанында тұрақты негізде өтініш жасағандарға қажетті тұрмыстық заттар түрінде көмек көрсету үшін әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Пандемия кезінде аталмыш қор жеке қорғаныс құралдары мен азық-түлік өнімдерін тасымалдау бойынша қалалық волонтерлар штабына қосылып, 3000 адамды киіммен қамтамасыз етті.   [caption id="attachment_162746" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: astana.gov.kz[/caption] «Жомарт жүрек» сыйлығы – еліміздің нағыз батырларын танытуға, көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей жоба. Бұл жобаға біздің қор волонтер-делдал ұйым ретінде қатысты. Біз қайырымдылыққа барынша көп адамды жұмылдыруға тырысамыз. Қорымыз тұрақты негізде жұмыс істейді, біз қиын жағдайға тап болған жандарға материалдық көмек көрсетеміз. Биыл екі жарым мыңға жуық бала тәрбиелеп отырған 1000-ға жуық отбасыға көмек көрсетілді. «Жомарт жүрек» сыйлығы – тегін жақсылық жасай алатын, басқа адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлай білетін жандарды ынталандыру үшін өте маңызды», – деп атап өтті «Нұр Әлем Қазақстан» қорының құрылтайшысы Наталья Коновалова. «Жылдың үздік қамқоршысы» сыйлығын қалалық волонтерлік штабтың тұрақты волонтері, спорт жаттықтырушысы Меруерт Ескермес иеленді. Ол 2019 жылы өзінің волонтерлар қозғалысын ұйымдастырып, балалар үйіне, әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсете бастады. Пандемия кезінде жаттықтырушы болды, сөйлей алмайтын балаларды оқытты, спортпен шынықтырды, азық-түлік себетін таратуға көмек көрсетті. Волонтерлік қызмет барысында 200-ден астам акция ұйымдастырды. «Жыл тұлғасы» ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Мұхтар Төлеутаев танылды. Мұхтар Төлеутаев басқаратын Көпбейінді медициналық орталық – жоғары тәжірибелі кәсіби мамандары емдеудің инновациялық әдістерін қолданатын заманауи медициналық орталық. «Бүгінгі өтіп жатқан шара - елімізде Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағытында жасалып жатқан жиындардың бірі. Қаламызда былтырдан бері бұл жоба іске асып жатыр. Былтыр індет дүние жүзін жаулаған кезде жұмылған жұдырықтай күрестік. Қиын жағдайда волонтерлер, қаламыздың өзге де тұрғындары көмектесті. Сол сияқты былтыр бір топ кәсіпкер орталығымыздың 85 медицина қызметкерінің несиесін жауып берді. Ол кісілер аты-жөнін жасырын қалдыруды сұрады. Күн-түн демей жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге тәулік бойғы тамағын әкеліп берген мейрамханалар болды. Елордадағы шетелдік компаниялар да шет қалмай, орталық қызметкерлеріне көмектесті. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады” дейді. Бәріміз біріксек, кез келген қиындықтан өтуге мүмкіндігіміз бар. Коронавирус қылаң беріп, дүние жүзіне қаһарын төгіп тұрғанда науқастар үшін жанұшыра жүгірген дәрігерлеріміз өзінің жағдайын ойламады десек те болады. Бұл індетпен күресуге дүние жүзінің денсаулық сақтау жүйесі дайын болған жоқ. Күнделікті жұмыстың нәтижесінде бұл індетті жеңуді үйрендік. Осындай қиын шақта медицина қызметкерлеріне көрсетілген үлкен қолдауды бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мемлекет басшысының тапсырмасымен алдыңғы шепте күресіп жүргендерге қомақты сыйақы төленді. Әлі күнге дейін төленіп жатыр. Ауруханалар тиісті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Қазір індетпен толық күресуге мүмкіндігіміз бар. Арамызда марапатталған қызметкерлердің жетістігі – жалпы ұжымның жемісі деп есептеймін. Орталығымызда екі мыңнан аса қызметкер бар. Олардың әрқайсысы осы марапатқа лайық деп санаймын», – деп түсіндірді Мұхтар Төлеутаев. «Dauletten» қайырымдылық қорының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбеков «Жыл меценаты» атанды. Қор елорданың әлеуметтік осал топтары арасында 500 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Пандемия кезінде тыныс алу аппараттарын жеткізу, тарату жұмыстарына өз еркімен қатысты. «Туған өлке» номинациясында елордалық меценат, дизайнер, NEO Qazaq Style бағытының негізін қалаушы Мансура Жәкен жеңімпаз атанды. Әлеуметтік жобалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында ол елордалық ҮЕҰ-ға жалпы құны 4 млн. теңге болатын 17 авторлық есік сертификатын табыс етті.

Жоба жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Марапаттау рәсімі санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.