Мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ болған
Мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақ болған
Фото: inbusiness.kz

Атырауда мектеп мұғалімі жұмыстан босатқан басшысынан кек алмақшы болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 11 тамыз күні ​Атырау облыстық Еңбек инспекциясы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасына 54 жастағы Мақат ауданының тұрғыны арызданды. Ол «өзінің бұрынғы басшысы қызметке бұрын сотталған азаматты жұмысқа қабылдады» деп шағымданған. Полицейлер тексеру кезінде бұл ақпараттың жалған екендігін анықтады. Кейін ​әйелдің​ жұмыстан шығарылғаны үшін басшысынан кек алмақшы болғаны белгілі болды.

Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев: «Азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 326 704 теңге айыппұл салынды», – деді.